Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 3.2021, с. 109-121

Нұртуған жырау мен Шоқан шығармаларындағы көнерген аталымдар этимологиясы

Гүлмира Жеткергенқызы Өтемісова, Айнұр Оралқызы Карипжанова

Аннотация · Abstract

"Мақалада тілдегі көнерген аталымдар қарастырылады. Белгілі бір ұғымның көнеруіне байланысты осы ұғымды білдіретін атау сирек қолданыла бастау жолдары, тілдің дамуының әртүрлі кезеңдерінен туындаған тілдік өрнектердің тілімізде сақталып қалуы, көнерген аталымдардың ескіру көрсеткіші арқылы ғана қазақ тілінің лексикасынан оқшауланып, көнерген аталымдардың лексикасын құрай алатыны дәйектеледі. Сонымен қатар мұндай тілдік фактілердің тарихи жағдайға байланысты өткен дәуірлердегі оқиғаларды сипаттауда қолданылатыны және шығарманың көркемдік дәрежесін арттыратыны Нұртуған жырау мен Шоқан шығармаларындағы көнерген аталымдарды саралай отырып дәлелденеді. Қазақ тілінде бірқатар көнерген атаулар діни уағыздармен тікелей байланысты екені дәйектеледі. Сондай-ақ әскери атаулар мен сауыт-сайман аттарына қатысты көнерген аталымдар, әлеуметтік, әкімшілік атауларға қатысты көнерген аталымдар талданады. Нұртуған жырау мен Шоқан тілінде көнерген аталымдар өздері суреттеп отырған дәуірдің тұрмыс-тіршілігін дәл, нақты көрсеткені және өз тілдерінің лексика-семантикалық қабаттарын байытып отырғаны нақты мысалдар арқылы дәлелденеді. Көнерген лексиканы зерттеудің теориялық негіздерін қарастыруда Ғ. Мұсабаев, Ә. Болғанбаев, Р. Сыздықтардың ғылыми тұжырымдары басшылыққа алынады. "

Сведения · Details