Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2020, с. 47-57

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР ЖҮЙЕСІНДЕ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Абыканова Бакытгуль Толыбековна, Тоқжігітова Нұргүл Қаирбайқызы, Мырзагерейқызы Гүлмайдан, Садырбекова Динара Қалымбекқызы

Аннотация · Abstract

"Білім беру мекемелері дамудың әрбір кезеңінде оң педагогикалық тәжірибе ұсынған заманауи жаңалықтарды игеруге, енгізуге ғана дайын және инновациялық қызметтің жоғары сатысында тұр, яғни педагогикалық инновацияны өз бетінше даярлауға қабілетті. Ұйымдастырылған, коммуникативтік және гностикалық кәсіби құзыреттіліктер инновацияларды енгізу кезінде аса талап етіледі, ал инновацияларды әзірлеу кезінде, ең алдымен, конструктивтік және жобаланған құзыреттер қажет. Бұл мақалада қазіргі білім беру тәжірибесінде талап етілген педагогикалық мамандықтар оқытушыларының инновацияны даярлау кезеңіне тоқталған және осы ұстанымдардан әдістемелік құзыреттілікті көрсете отырып, педагогтардың кәсіби құзыреттілігінің құрылымы қарастырылады. Сонымен қатар педагогикалық мамандықтар педагогтарының кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау диагностикасыдайындалып, кәсіби құзыреттілік белгілері көрсетілген. Аталған белгілердің сипаттаммаларына (айқындық деңгейі) тоқталып әрқайсысына мінездеме берілген. Когнитивтік қызмет, оқытуға жауапты қатынас, оқу тапсырмаларын шығармашылық іске асыру, рефлексия, оң нәтижеге жету талабы жаттығу нәтижесінде болатынын көрсетеді. Білім беру мекемелерінің негізгі құзыреттілігін қалыптастыру, яғни заманауи білім беру ортасы студенттердің білімін және ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, педагогикалық үдерістің қатысушыларымен қарым-қатынас жасауға кәсіби құзіреттіліктің ықпал ететіндігі айтылады. "

Сведения · Details