Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2024, № 3.2024, с. 132-145

КӨМІРТЕГІ САЛЫҒЫН ЕНГІЗУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ

А. Е. Жамиева, Г. А. Насырова, А. С. Нарынбаева, Г. Е. Нурбаева

Аннотация · Abstract

Мақалада Қазақстанда көміртегі салығын енгізудің алдындағы мән-жайлары ашылады. Авторлар оны енгізудің шетелдік тәжірибесін және отандық экологиялық салық салудың ретроспективасын ұсынады. Осылайша, 1991 жылы көміртегі салығын алғаш енгізген Швецияда көмірқышқыл газының шығарындылары 25 % - ға қысқарды, ал оның экономикасы 75 % - ға өсті. Көміртегі салығы атмосфераға парниктік газдар шығарындыларын азайтудың экономикалық тиімді әдісі ғана емес, сонымен қатар таза энергия көздеріне көшуді ынталандыруға бағытталған саяси стратегия болып табылады. Зерттеу нысаны ретінде көміртегі салығы әлемдік және отандық тәжірибеде қолданылатын негізгі жасыл қаржы құралы ретінде анықталды. Мақалада оны енгізудің қазақстандық экономика үшін артықшылықтары мен кемшіліктері ашылған. Зерттеу барысында Қазақстанда ұзақ жылдар бойы басқа салықтармен салыстырғанда экологиялық төлемдерден мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер елеусіз қалғаны анықталды. Көміртегі салығын енгізу жақын арада қажет, өйткені отандық экспорттаушылар жақын арада Еуроодақ бюджетіне шекара салығын төлеуге мәжбүр болады. Қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін 2023 жылы «Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Доктринасы» қабылданды. Авторлар таяу болашақта жасыл салық салуды дамытудың негізгі бағыттарын ұсынды. Негізгі сөздер: көміртегі салығы, экологиялық төлемдер, салықтық жеңілдіктер, парниктік газдар шығарындылары, көміртегі квоталары, көміртегі бейтараптығы, декарбонизация.

Сведения · Details