Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 4, 2025, с. 388-399
АВТОКӨЛІКПЕН ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ҚАУІПСІЗДІГІ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада біздің еліміздегі жолаушылар тасымалы жүйесіндегі қолайсыз жағдайды талдап және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша ғылыми-практикалық ұсынымдар әзірледік. Өйткені жол-көлік апаттылығының жоғары проблемасы елдегі халықты автомобильдендірудің жоғары қарқынына байланысты ең өзекті мәселелердің қатарына қойылды. Сондықтан ЖКО санын азайту қазіргі қоғам алдына қойылған ең басым міндеттердің бірі болып табылады. Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен 15 қыркүйек 2025 жылғы өткен министрлер кабинетінің отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Зерттеу жүргізу үшін мемлекеттік басылымдар жолаушылар тасымалы саласындағы нақты статистикалық деректерді, жетекші ғалымдардың ғылыми-теориялық ұсынымдарын, сондай-ақ ішкі жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін іске асыру кезінде зиянды факторларды анықтау әдістерін пайдаланадық. Ғылыми ұсыныс тарапынан: Жүргізушінің жұмысын жеңілдетуі мүмкін, осылайша көлік құралын басқару жүйесіне жүргізуші рөлін атқаратын және қауіп туралы ескертетін арнайы құрылғыларды қосу арқылы жүргізу қауіпсіздігін арттырады. Практикалық маңыздылығы: Мәселенің одан әрі белсенді қауіпсіздік параметрлерін реттеу принциптерін жүйелік тәсіл негізінде жасауға болатындығын көрсетеді. Нәтижелер. Адамдардың қаза болуының негізгі себептері: жол инфрақұрылымының заман талаптарына сәйкес келмеуі; жүргізушілердің даярлығы мен тәртібінің төмендігі; байланыс құралдары мен жедел жәрдем машиналарының жетіспеушілігі; халықпен мақсатты ағартушылық жұмыстың болмауы болып табылады. Кілтті сөздер: жолаушы, көлік, автомобиль, жол қауіпсіздігі, фактор, жүргізушілер.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ytvu9270
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0