Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2022, № 3.2022, с. 15-33
КӨНЕ ЖЫРАУЛАР МҰРАСЫ, КӨШПЕЛІ МӘДЕНИЕТТІҢ МЫЗҒЫМАС БӘЙТЕРЕГІ
Аннотация · Abstract
Бүгінде қазақ менталитеті пен көшпелілік дүниетанымы қазіргі кезеңде Батыс философиясында жан-жақты әрі терең қарастырылып жатқаны мәлім. Мысалы постмодернизм аясында қалыптасқан номадология көшпелілік ділге (менталитетке) ерекше көңіл бөледі. Көшпелі өркениеттің дамыған түрі жататын жыраулар поэзиясынан халықымыздың болмысы, тіршілік тынысынан айқын көрініс тапқан. Тұтастай белгілі бір кезеңдердің қоғамдық-әлеуметтік, тарихи сипатын таныта алатын дидактикалық-философиялық сарындағы толғауларымен қатар сөз зергерлері адамгершілік, этика, мораль тақырыптарын да адам өмірінің түрлі жағдайларына қатысты келістіре жырлап, ел ішінде тәрбиелік міндет атқарып отырғаны байқалады. Егеменді ел болудың арқасында, қазақ халқының тарихын қайта қарап, саралау, тиянақты, әділетті тұжырым жасау мүмкіндігі пайда болды. Тарихшыларымыз бұл салада объективті түрде біршама тарихи туындылар бергені аян. Бізге сол тарихтың маңызды бір билігі ретінде, кенже де болса, күні кеше пайда бола бастаған, қазақ философиясының тарихы ондағы көшпенділердің алатын орны айырықша, қызықты көрінеді. Бүгінгі күні философиялық әдебиетте, қазақ халқына қандай философия етене жақын дегенге әртүрлі пікірлер айтылады. Бұл мақалада қазақ халқының өзіндік болмысы ақын-жыраулардың шығармаларының философиялық тереңдігі жан-жақты талқыланып келешек ұрпақтың санасына игі әсерін тигізеді деп сенеміз.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/yrhd5477
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Humanities series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0