Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 4, 2025, с. 498-511

Қ. МЫРЗА ӘЛИДІҢ «ИІРІМ» ЭССЕ КІТАБЫНДАҒЫ ӘДЕБИ РЕМИНИСЦЕНЦИЯЛАР

Б. М. Сұлтанова

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада ақын, жазушы Қ. Мырза Әлидің «Иірім» эссе кітабындағы эсселердің жанрлық ерекшелігін, әдеби реминисценцияларды зерттеуге бағытталған. Ақынның жалпы шығармашылығы жайлы зерттеулер көп болғанмен эсселері туралы зерттеу мақалаларының жоқтығы мақаланың өзектілігін көрсетеді. Дәйексөздер, аллюзиялар мен реминисценцияларды қолдану эсселердің деректілік негізін күшейтіп, кейіпкердің мінезін ашудың бір құралына айналады. Интермәтін көмегімен Қ. Мырза Әли оқиға желісімен қатар, өз кейіпкерлерінің шығармашылығына түсініктеме береді, оларды белгілі бір мәдени парадигмаға енгізеді. Нәтижесінде эсседегі белгілі тұлғалар туралы түрлі интерпретацияларға жол ашылады. Бұл мақаланың ғылыми жаңалығы Қ. Мырза Әлидің «Иірім» эссе кітабындағы әдеби реминисценцияларға жан-жақты талдау жасауында. Бұл жұмыстағы негізгі мақсатымыз – жазушы Қ. Мырза Әлидің «Иірім» эссе кітабындағы әдеби реминисценциялардың ерекшелігін айқындау. Жұмыстағы зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиетін оқытуға арналған оқу құралдары мен оқулықтарды жазу барысында пайдалануға болатындығы мақаланың практикалық маңыздылығын көрсетеді. Мақаланы жазу барысында тарихи-әдеби, салыстырмалы әдістер қолданылады. Бұл мақала әдебиет тарихында эсселердің жанрлық ерекшелігін анықтауға, эсселердегі реминисценциялардың көркемдігін анықтауға үлес қосады. Кілтті сөздер: Қ. Мырза Әли, эссе, реминисценция, ретроспективтілік, әдебиет, тақырып, идея, баяндау.

Сведения · Details