Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2022, № 2.2022, с. 119-128
АЙМАҚТЫҚ МӘДЕНИ ЗЕРТТЕУЛЕР - СТУДЕНТТІҢ НЕГІЗГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ БІЛІМДІК РЕСУРСЫ
Аннотация · Abstract
Шетел тілін оқыту және оны меңгеру халықтардың өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығын қамтамасыз етуі керек. Осыған байланысты шет тілдерін оқыту процесі тіларалық мәдениетаралық қатынасқа дайындыққа бағытталуы керек. Мәдени білімнің жетіспеушілігі коммуниканттардың бір тілде сөйлесуіне қарамастан, жиі түсінбеушілікке, тіпті қақтығыстарға алып келеді. Бұл мақалада авторлар екі жақты табысты байланысқа қол жеткізу үшін оқу процесіне ұлттық-аймақтық компонентті қосудың маңыздылығы мен қажеттілігіне назар аударады. Оқытудағы тәжірибе көрсеткендей, тек шет тілі оқылатын елдің мәдениетін зерттеуге бағытталған практика студенттердің өз аймақтық мәдениетіне қатысты фактілер мен құбылыстар туралы ақпаратты жеткізе алмайтындығына әкеледі, сондықтан нақты қарым-қатынас процесінде олар оның өзіндік ерекшелігін жеткілікті аша алмайды. Шет тілін оқытуда аймақтық мәдени зерттеулерді пайдалану оқытушы мен студенттер үшін тіл мен сол елдің мәдениетін меңгеруде кең мүмкіндіктер ашады. Алдарыңызға ұсынып отырған зерттеу жұмысының мақсаты - студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған тәжірибе мен ақпарат алмасу барысында студенттің басқа елдер өкілдеріне отандық мәдениетпен таныстыру қабілетін пайдалана отырып, жұмыс тәсілдерінің кешенін әзірлеу және сынақтан өткізу. Бұл зерттеу ағылшын тілін A2, В1 деңгейінде меңгерген ЖОО студенттерімен жүргізілді.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/yplo4619
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 1