Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 2,2025, с. 125-138

"ШЕТЕЛ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ КЕЙІПКЕР ЕРЕКШЕЛІГІ "

С. Т. Елікпаев, Б. Қ. Қапасова, С. А. Калиев

Аннотация · Abstract

"Қазақ әдебиетіндігі әр шығарма өзінше ырғақпен келеді. Әр заманның лебі мен сазын алып. Қаламгер туындысы қоғаммен тығыз байланыста, құрдас, кіндіктес болып келеді. Осындай сөзшілердің ішінде күбірі бөлек күнгейшіл жан Зейнолла Сәнік екені анық. Қазақ әдебиетіндегі әр толқын жіктеліп бөлініп, сараланып жатқанда шет жайлап жүріп келіп асылын сыртқа шашпай ортақ Отанға жеткізген әр өнерші менің білуімде жалынға қанатын күйдірмей жеткізген жанкешті. Әр осы жошындас қаламгер қиындығы мен қилы тағдырының арасында елге аңсап жеткен жан сөзін өмір мен өлімнің арасында безбендеп жеткізген шын ұлт асылдары. Олар өздері ғана аман жеткен жоқ, ұлт сөзінің шырағын сөндірмей боран ішіндегі қоламта отты қымтап орап, үрлеп жағып жеткен үмітті жолаушыдай ел қазынасы асыл сөзді жеткізді. Соның соқталы өкілі Зейнолла Сәнік. Зейнолла Сәнік өз шығармаларында қоғамның қасіретін, адам тағдырын терең түсініп, адам жанындағы ең нәзік сезімдер мен өмірдің мәнін ашты. Қалдырған асыл қазынасы ұлт сөзінің шырағын жандандырады. Біз аталған мақаламызда Зейнолла Сәніктің прозалық шығармаларын қарастыруды жөн деп білдік. Кілтті сөздер: қазақ әдебиеті, қоғам, қаламгер, шығарма, ел сөзі. "

Сведения · Details