Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2020, № 3.2020, с. 301-310

Білім беру тәжірибесінде дизайн-ойлау әдісін қолдану

Куанжанова Кундыз Тугелбайқызы, Аширбаева Назиля Нурканатовна

Аннотация · Abstract

"Әлем қарқынды өзгеріс үстінде, бүгін біз бір мәселені шешеміз, ал ертең ол қайтадан өзекті мәселеге айналады. Сондықтан өскелең ұрпақты икемділікке үйрету керек, кез-келген мәселені креативті, ерекше шеше алатын бойына сапаларды дамыту қажет.. Білім беру парадигмасының өзгеруіне байланысты оқу үдерісін ұйымдастыруға жаңа талаптар қойылып жатыр. Берілген мақалада білім беру үдерісінде тиімді қолдануға және өскелең ұрпақтың психологиялық процестерін, қасиеттерін, тұлғалық сапаларын дамыта алуға мүмкіндік беретін дизайн-ойлау әдісінің маңызы туралы айтылады. Дизайн-ойлау – бұл мәселені шешудің жаңаша, креативті тәсілі, мұнда бірінші орында тұтынушы/азамат және оның қажеттіліктерін толыққанды қанағаттандыру үшін инновациялық шешімдерді ұсыну тұр. Бұл шығармашылық әдіс, командалық жұмыс, адамдарға бағдар беру, қызығушылықты ояту, мәселеге оптимизммен қарау – қазіргі проблемаларды шешудің жаңа жолдарын іздеу, табу, анықтау үшін қолданылатын әдіс. Мақалада дизайн-ойлау әдісінің анықтамасы, тарихы, қағидалары («Ерте қателес, көп қате жібер», «Бір прототип мың сөзді құрайды», «Бірінші іс – тұтынушыдан сұрау», «Бірге жасаңыз!», «Иә, және ...!») және кезеңдері (эмпатия, фокус қою, идеяларды ұсыну, прототип және тестілеу) қарастырылған. Сонымен қатар, аталған әдісті педагог тәжірибесінде қолдану мысалы берілген. "

Сведения · Details