Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 2,2025, с. 250-259
"ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕДИАДИСКУРСТАҒЫ ҰЛТТЫҚ БЕЙНЕ: ЛИНГВОМӘДЕНИ ЖӘНЕ ДИСКУРСИВТІК ТАЛДАУ "
Аннотация · Abstract
"Мақалада қазақстандық медиадискурстағы ұлт бейнесі лингвомәдени және дискурсивті талдау тұрғысынан қарастырылады. Ғаламдану және цифрлық трансформация жағдайында бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда, мәдени құндылықтарды көрсету мен қоғамдық пікірді конструктивациялауда маңызды рөл атқарады. Қазақстандық БАҚ-та ұлт бейнесін қалыптастыруда қолданылатын тілдік құралдарға, сондай-ақ медиадискурсқа әсер ететін саяси, әлеуметтік және мәдени факторларға ерекше назар аударылады. Мақалада ұлт бейнесін жасауға ықпал ететін дискурсивті стратегиялар, риторикалық тәсілдер мен лексикалық маркерлер талданады.Зерттеу қазақстандық жетекші БАҚ материалдарына, сондай-ақ телевизиялық және цифрлық медианың талдауына негізделген. Мақалада ұлттық бояуы бар лексиканың, метафоралық конструкциялардың, нарративтік стратегиялардың және идеологиялық астарлардың қолданылу ерекшеліктері қарастырылады. Медиадискурстың қоғамдық сана қалыптастырудағы рөлі және ұлттық бірегейлікті қабылдауға ықпалына баса назар аударылады. Сонымен қатар, медианың ұлттық стереотиптерді күшейту немесе өзгерту үдерісіндегі ықпалы зерттеледі.Зерттеу нәтижелері лингвистика, журналистика, медиаанализ және мәдениетаралық коммуникация саласындағы мамандарға пайдалы болуы мүмкін. Сонымен қатар, Қазақстанның тіл саясатын, ұлттық дискурстың эволюциясын және оның қоғамдық пікірге тигізетін ықпалын зерттеу тұрғысынан өзекті болып табылады. Ұсынылған тұжырымдар БАҚ-тағы ұлттық бірегейліктің көрінісін тереңірек түсінуге және медиадағы дискурсивті тәсілдердің рөлін бағалауға көмектеседі. Кілтті сөздер: медиадискурс, ұлттық бірегейлік, БАҚ, лингвомәдени талдау, дискурсивті стратегиялар, риторикалық тәсілдер, идеологиялық импликациялар. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/yihj2907
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0