Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2024, № 4.2024, с. 6-17
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Аннотация · Abstract
Ауыл шаруашылығы – бұл ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі болып табылады. Бұл сала экономикалық өсімді қамтамасыз етуде, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Агроөнеркәсіп кешені, әсіресе экономикалық дағдарыстар кезінде, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамытуда және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеудің экономикалық тиімділігіне бағытталу. Бүгінде Павлодар облысы халық тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерінің 80 %-ын өзі өндіреді, ал сырттан келетін тауарлар көлемі жыл сайын төмендеп, олардың орнын отандық өнімдер басуда. Мақаланың басты мақсаты – аграрлық сектордың қазіргі жағдайын бағалап, ауыл шаруашылығының алдында тұрған негізгі мәселелерді анықтау. Бұл мақалада елдің агроөнеркәсіп кешенінің экономикадағы рөлі түсіндіріліп, Павлодар облысының агроөнеркәсіптік кешеніне сипаттама берілген. Оның негізгі бағыттары мен анағұрлым дамыған салалары көрсетілген. Сонымен қатар, аймақтың аграрлық саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатқа талдау жасалып, ауыл шаруашылығының, әсіресе мал және егін шаруашылықтарының дамуына назар аударылған. Агроөнеркәсіптік кешеннің әрі қарай даму әлеуеті анықталып, шешілуі тиіс мәселелер де көрсетілген. Кілтті сөздер: агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы, аймақ, несиелеу, ауыл шаруашылығы өнімі.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/yhyp3024
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Economics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0