Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 2.2021, с. 144-151

Диминутивті сын есімдер: морфологиялық ерекшеліктері

Н. Ш. Манасбаева, Л. С. Сабитова

Аннотация · Abstract

" Диминутивті семантикалық және морфологиялық категория ретінде зерттеулердің көптігіне қарамастан, жұмыстың көп бөлігі осы категорияның зат есімдердегі түрін зерттеу негізінде жүргізілді. Бұл мақалада әртүрлі құрылымдық тілдердегі диминутивті адъективтердің морфологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Әр түрлі құрылымдық тілдерді салыстыру кезінде морфологиялық және ономасиологиялық тәсілдердің үйлесімі қолданылды, яғни контекстегі диминутивті мағына да, морфологиялық формалар да ескерілді, бұл ағылшын, қазақ және орыс тілдері сияқты тілдерді салыстыру кезінде диминутивті адъективтердің ерекшеліктерін неғұрлым толық сипаттайды. Кейбір тілдерде (мысалы, орыс тілінде) диминутивті мағынаны беру үшін сын есім жұрнақтарының бекітілген жүйесі бар. Әйтсе де, қатаң модельдері жоқ басқа тілдердің өзі де морфологиялық деңгейде диминутивтіліктің реңктерін көрсете алады. Белгілі бір сөзжасамдық процестің жеке тілде болмауы оның типологиялық ерекшеліктеріне байланысты. "

Сведения · Details