Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2021, с. 88-97

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА БЕЙНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ

М. Ж. Ақышева, Д. М. Боранкулова

Аннотация · Abstract

"Білім беру жүйесінің негізгі мақсаттары – жан-жақты, шығармашылық қабілетті, танымдық қызығушылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін оқушылардың өз бетінше ойлау қабілетін дамыту қажет. Таным үдерісіне деген қызығушылық оқушының бойында кез-келген сабаққа шабыт пен шығармашылық белсенділік қабілетін оята алады. Танымдық белсенділікті ынталандыратын, пәнге қызығушылығын күшейтетін және білім сапасын арттыруға ықпал ететін білім беру әдістеріне, құралдары мен формаларына ерекше назар аудару маңызды. Қазіргі кезде қоғамның ақпараттық сипатқа ие болуы негізінде ғаламдық ақпараттық үдерістерге ілесуінің мәні зор. Сондықтан білім беру формалары мен әдістеріне деген көзқарас өзгере бастады. Оқытуды ақпараттандыру мен оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану білім беру жүйесінде маңызды болып табылатын мәселелердің біріне айналуда. Бүгінгі таңда қоғам үшін бастамашыл, шығармашыл, шешім қабылдауда батыл адамдарды тәрбиелеу өте маңызды. Жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін оқушылардың өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту қажет. Егер де осы аталғандарды оқушылар бойында жеткілікті деңгейде дамыта алсақ, олар өз бетінше жаңа білімдерді, дағдыларды табысты меңгеруді, қажетті ақпаратты игеру үдерісін дербес ұйымдастыра алады. "

Сведения · Details