Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2025, № 2,2025, с. 8-22
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация · Abstract
Мақалада жалпы білім беретін мектептерде физиканы оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану деңгейін талдауға арналған зерттеу ұсынылған. Зерттеудің негізгі мақсаты физика мұғалімдерінің сабақтарда АКТ-ны қаншалықты белсенді қолданатынын және оларды пайдалану барысында қандай қиындықтарға тап болатынын анықтау болды. Деректерді жинау үшін әртүрлі мектептердің физика мұғалімдері арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама сұрақтары АКТ қолдану жиілігіне, қолданылатын технологиялардың түрлеріне, сондай-ақ АКТ-ны білім беру процесіне тиімді интеграциялауға кедергі келтіретін негізгі проблемаларды анықтауға қатысты болды. Сауалнама нәтижелері АКТ-ның кең таралуы мен әлеуетіне қарамастан, мұғалімдердің едәуір бөлігі кейбір қиындықтарға тап болатынын көрсетті. Негізгі қиындықтарға техникалық ресурстардың жетіспеушілігі, мамандандырылған жабдықтардың болмауы, мұғалімдердің АКТ-ны қолдану бойынша жеткіліксіз дайындығы, сондай-ақ цифрлық технологияларды оқу процесіне кіріктіруге көмектесетін әдістемелік материалдардың жеткіліксіздігі жатады. Бұл мәселелер физика сабақтарында АКТ-ны тиімді пайдалану мүмкіндігін шектейді. Зерттеу қорытындысында мұғалімдердің біліктілігін арттыру, мектептерді техникалық қамтамасыз етуді жақсарту және тәжірибеге бағытталған әдістемелік материалдарды әзірлеу қажеттілігін қоса алғанда, анықталған проблемаларды шешу жолдары ұсынылды. Ұсынылған шараларды жүзеге асыру физиканы оқытуда АКТ-ны қолданудың тиімділігін едәуір арттырып, нәтижесінде білім беру процесінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: физиканы оқыту әдістемесі, білім беру, физика сабақтары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, физика мұғалімдері, сауалнама.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/yeej4011
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0