Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2023, № 1.2023, с. 267-275
КҮН ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ КОЛЛЕКТОРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аннотация · Abstract
"Күн көзінен шығатын энергия қазіргі тұтынушылардың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алады - ол баламалы (және арзан) энергия көзі ретінде пайдаланылады және де күн батареялары маңызды рөл атқаратын тұтынушылардың басқа қажеттіліктері де жоққа шығарылмайды. Бірақ бүгінгі күнге келгенде, күн энергиясымен жұмыс істейтін су жылыту жүйелері танымал бола бастады. Мақала Алматының климаттық жағдайында жылу алу көзі ретінде күн көзі энергиясын пайдалану мүмкіндігіне арналған. Материал күн энергиясының коллекторын қарастырады және оның түрлері мен құрылымдарына сипаттама береді. Параболоцилиндрлік концентраторы бар және күннің азимутальды қозғалысын автоматты түрде бақылауға арналған сағат жетегі бар күн энергиясы коллекторының сипаттамасы, сондай-ақ «Демитан»күн жылу коллекторының конструкциясы келтірілген. Концентратордың тиімді пайдалы әрекет коэффициенті есептелді, рельефтің 50 с.е. ендігі үшін есептеу нәтижелері бойынша график салынды. Жердің географиялық ендігіне байланысты коллектордың көкжиекке оңтайлы көлбеу бұрышы табылды. Күн энергетикалық коллекторының бетіне сәулеленудің орташа айлық тығыздығын қайта есептеу коэффициенті, мөлдір қабықшалардың мінсіз селективті жабыны жағдайында жылу жоғалту коэффициенті анықталды, коллектордың жылу және электр тиімділігінің аналитикалық көрінісі алынды. Кілттік сөздер: күн энергиясының коллекторы, күн фотоэлектрлік панельдері, абсорбер, күн энергиясының концентрациясы, параболоцилиндрлік концентратор."
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ycwu6139
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0