Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 1.2021, с. 156-166
"ТОПОНИМДЕРДІҢ КОНЦЕПТІЛІК СИПАТЫ "
Аннотация · Abstract
"Мақалада топоним мен бүгінгі лингвистикалық зерттеулердің діңгегі болып табылатын концепт ұғымының арасында қандай байланыс бар деген мәселені қарастырамыз. Қазіргі тілтұтынушы санасы үшін географиялық атаулар тек жер бағдары емес, одан жоғарылау, сезім мен эмоция араласқан мәдени құндылықтар. Бір елді мекенге сол жердің географиялық ерекшелігіне сай, не халық қоныстанған тарихи сипатына қарай, не оны ашқан тарихи тұлғаның есіміне орай, болмаса кездейсоқ бір атау қойылған болсын. Атаудың өзі біраз уақыт өткен соң-ақ уәжділігін маңызды етуден қалады. Жер-су атауының неге олай аталғаны енді бізге мәнді емес. Атау тек инвентарлау үшін, таңбалау үшін қызмет атқара бастайды. Бірақ уақыт өте келе елді мекеннің тарихы, оны мекендейтін елдің, халықтың тарихымен астасып кетеді де, жер атауы сол мекеннің тұрғылықты халқы атауына ассоциация жасайды. Енді жер атауы емес, халық атауы, сол халықтың менталитеті басым күш ала бастайды. Сонда топоним, алдымен, ол атаған кеңістіктің физика-географиялық жағдайын, екінші адамға берер жер байлығын, сосын ол жерге қоныстанған халық дүниетанымы мен құндылықтарын немесе жер табиғатының әсемдігін, болмаса климатының адам төзбес жайсыздығын ассоциациялайды. Жер-су атауы бір ғана мазмұн межесі бар, ол тұрпат межеге сәйкес түсе қоятын таңба емес. Топонимдер – бойында бірнеше семалық бірлік жинақталған, халықтың ментальді өмірімен байланысты этномәдени бірлік. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ycmx6215
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0