Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 1.2025, с. 116-128

МӘШҺҮР ЖҮСІП ЖАЗБАЛАРЫҢДАҒЫ АҢЫЗДАР: АБЫЛАЙ ХАН

Н. Қ. Жүсіпов, М. Н. Баратова

Аннотация · Abstract

Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольклордың барлық жанрлары қамтылған. Атап айтқанда: ертегілер, батырлық жырлар, ғашықтық жырлар, қисса-дастандар, тұрмыс-салт жырлары, аңыз-әңгімелер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, айтыстар т.б. Қазақтың тарихи аңыздары негізінен хандар, батырлар, билер, шешендер т.с.с. тұлғалармен байланысты болып келеді және де аңыздың бұл түрі өзге халықтардың фольклорында кездеспейді. Бұл мақалада Мәшһүр Жүсіп жинаған жанрлардың бірі – тарихи аңыздар сөз болады. Оның ішінде қазақ халқын басқарған тарихи тұлғалар: хандар бейнесі жайлы мағлұматтар аңыз күйінде беріледі. Әсіресе Абылай хан тұлғасына қатысты циклдік әдіспен жинаған 16 аңызы жан-жақты қарастырылады. Бұл ел аузынан жиналған 16 фольклор үлгісі өз замандағы В. Радлов, Н. Смирнова, Ш. Уәлиханов, С. Дәуітов, Р. Бердібаев т.б. нұсқаларымен салыстырыла талданады. Осы үлгілерде кездесетін кейіпкерлердің іс-әрекетіне, оқиғасына, айналасына т.б. көңіл бөлінеді. Абылай хан тұлғасына қатысты кейбір фольклорлық нұсқалар тек Мәшһүр Жүсіп қолжазбасында ғана сақталғандығы да жан-жақты сөз болады. Мұның бәрі Мәшһүр Жүсіп жинаған тарихи аңыздардың қаншалықты құнды екендігін және халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы, жариялаудағы, зерттеудегі еңбектерінің маңыздылығын көрсетеді. Кілтті сөздер: Мәшһүр Жүсіп, аңыздар, фольклор, қолжазба, Абылай хан, фольклорлық үлгі.

Сведения · Details