Science and Technology of Kazakhstan, 2024, № 2.2024, с. 189-202
Fe-Si-Mn-Al КЕШЕНДІ ЛИГАТУРАСЫН БАЛҚЫТУ ПРОЦЕСІН ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ
Аннотация · Abstract
Термодинамикалық модельдеу процестің оңтайлы параметрлерін анықтауға арналған HSC Chemistry бағдарламалық кешенінің көмегімен екінші реттік айналмалы жоспарды (Бокс-Хантер жоспары) қолдана отырып жүргізілді. Бұл модельдеу физикалық және химиялық процестерді түсінуді жақсартуға көмектеседі, әртүрлі жағдайларда жүйенің әрекетін болжауға, процесті оңтайландыруға және эксперименттер үшін қажетті уақыт пен ресурстарды азайтуға мүмкіндік береді. «Брикет-Көмір-Кварцит» жүйесіндегі кремний, марганец пен алюминийдің тепе-теңдік таралуына температураның әсері анықталды. Термодинамикалық модельдеу көмегімен кремний мен марганецтің кешенді лигатураға өту дәрежесі, сондай-ақ қорытпадағы осы металдардың мөлшері анықталды. Ферроқорытпа саласында шикізатты кешенді өңдеудің тиімділігін арттыруға кен мен тотықсыздандырғыштан дайындалған брикеттер түріндегі шикіқұрамды қолдану да ықпал етеді. Біз кондициялық емес марганец шикізаты мен кокс ұнтағынан тұратын брикеттерді, жоғары күлді көмірді және кварцитті қолданып кешенді лигатураны балқытуды, одан әрі зертханалық кен-термиялық пешіндегі балқыту процесін модельдеуді ұсынамыз. Қуаттылығы 150 кВА дейінгі кен-термиялық электр пешінде марганец құрамды брикеттерді, жоғары күлді көмірді және кварцитті (химиялық құрамын реттеу және қалдық көміртегіні бейтараптандыру үшін) қолдана отырып электр балқыту жүргізілді. Кен-термиялық электр пешінде брикет пен жоғары күлді көмірді балқыту бойынша тәжірибелер нәтижесінде орташа құрамы 45,92–53,11 % кремнийден, 27,72–34,81 % марганецтен және 5,60–6,91 % алюминийден тұратын кешенді лигатура алынды. Кілтті сөздер: термодинамикалық модельдеу; марганец құрамды брикет; жоғары күлді көмір; балқыту; кешенді лигатура.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ybos2438
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0