Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2025, № 4, 2025, с. 17-32
ТҰРАҚТЫ ДАМУ АЯСЫНДА ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҮМКІНДІКТЕРІ
Аннотация · Abstract
Мақалада Қазақстандағы жасыл экономиканың қалыптасуы мен оның тұрақты даму жолындағы рөлі жан-жақты қарастырылған. Жасыл экономика тек табиғатты қорғау шаралары ғана емес, сонымен қатар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инновациялық технологияларды енгізуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықтың өмір сапасын жақсартуға ықпал ететіні атап өтіледі. Зерттеу барысында экокәсіпкерліктің дамуы, аймақтардағы «жасыл жұмыс орындарының» ерекшеліктері, экологиялық инновациялар мен инвестициялар көлемінің өзгерістері кешенді түрде талданған. Зерттеу нәтижелерін терең түсіндіру мақсатында екі көптік сызықты регрессиялық модель жасалды. Бірінші модельде қоршаған ортаны қорғауға байланысты салалардағы негізгі бағадағы өнім (PBPIEP) жұмыспен қамту деңгейі, ғылыми-зерттеу шығындары және экологиялық лицензиялар саны арқылы бағаланды. Екінші модельде жалпы қосылған құн (GVAIEP) лицензиялар саны мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар негізінде талданды. Бұл модельдер жасыл экономиканың дамуына әсер етуші негізгі факторларды анықтап, экологиялық көрсеткіштер мен экономикалық тиімділік арасындағы өзара байланысты дәлелдеді. Қорытындысында жасыл экономиканы дамыту – Қазақстан үшін экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етумен қатар, ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудің және ұлттық дамудың басты шарты екендігі анықталды. Кілтті сөздер: жасыл экономика, тұрақты даму, экокәсіпкерлік, экологиялық инновациялар, инвестициялар, жасыл жұмыс орындары
Сведения · Details
- DOI 10.48081/xzxg2074
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Economics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0