Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 4.2024, с. 220-228

БАҚ-ТАҒЫ ИНТЕРТЕКСТУАЛДЫЛЫҚТЫҢ ТИПТЕРІ

А. Ш. Каппасова, А. С. Адилова

Аннотация · Abstract

Мақалада газет тіліндегі прецедентті құбылыс ретінде жұмсалатын ән мәтіндерінің қолданысы қарастырылады. Өзіне тән сипаты, жүйесі, құрылымы бар бұқаралық ақпарат құралдарының тілі ерекше. Сол ерекшелікті зерттей отырып, БАҚ мәтіндеріндегі прецедентті құбылыстарды талдау мақаламыздың басты мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін прецедентті мәтіндерге түсініктеме беру, қазіргі қазақ газеттеріндегі прецеденттік мәтіндердің қолданылу мақсатын, себебін анықтау, прецеденттік феномендердің ұлттық-мәдени сипатына тоқталу сияқты міндеттерді шешу көзделеді. Олардың ерекшелігі, қолданысы талдау, жинақтау, салыстырмалы, сипаттамалық әдістері арқылы талданады. Мақаланың теориялық базасы ретінде В. Красных, Д. Б. Гудков, Г. В. Денисова, И. В. Захаренко, Адилова А. С., Нахимова Е. А., Мадиева Г. Б., Иманбердиева С. Қ. сынды ғалымдардың мәтін мәселесі, соның ішінде интертекстуалдылық теориясы, мәтінаралық байланыс, прецеденттілік феномендер жайлы жазған еңбектеріндегі теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды. Мақалада ҚР шығатын «Жас Алаш», «Ана тілі» сияқты бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет желілеріндегі материалдар пайдаланылды. Нәтижесінде медиамәтіндердегі прецедентті құбылыс болып табылатын қазақ ән мәтіндерінің қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасалды, мәтін тақырыптарында цитация қағидаты арқылы көрінетін прецедентті мәтіндер қызметі зерттелді. Кілтті сөздер: прецедентті феномен, прецедентті мәтін, БАҚ тілі, ән мәтіндері, интертекстуалдылық.

Сведения · Details