Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 2.2022, с. 323-335
НАРРАТИВ ЖЕКЕ ТӘЖІРИБЕНІ ТҮСІНУ ЖӘНЕ ТҮСІНДІРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Аннотация · Abstract
Мақалада нарратив теорияларына салыстырмалы талдау келтірілген. Нарратив мәтінінің негізгі мағыналық қалыптастырушы және құраушы факторлары, негізгі бірлігін, көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша баяндаудың негізгі категорияларын айқындап көрсетеді. Нарративтің оны басқа мәтіндерден ерекшелейтін типтік ерекшеліктерін анықтау үшін нарратив мәтіндерінің сипаттамасына толығырақ тоқталынады. Маңызды философиялық айырмашылықтарға қарамастан, адам өз оқиғасын баяндау теориясының көптеген сәттері, оның ой - пікірлерінің нәтижесінде тарихтағы адамның өмір сүруінің өткен жолын білуге әсерін түсінуге әкелді. Нарративтің ішкі құрылымын, яғни жасырын түрдегі психологиялық мәселелерді нақтылау үшін кейіпкерлердің қажеттіліктері мен мотивтерін, негізгі қақтығыстар мен қорғаныстарды, негізгі қорқыныштарды анықтау, сондай-ақ сюжетке кіретін немесе субъект елемейтін кейіпкерлерді, заттар мен жағдайларды талдау қажеттілігі айқындалған. Осы уақытқа дейін «нарратив», «әңгіме», «тарих» ұғымдарын жиі синоним ретінде қолданылды. Шынында да, әдебиетте бұл ұғымдарды араластыра қолданады, бұл таңқаларлық емес, өйткені олар өте ұқсас құбылыстарды сипаттайды. Алайда, бұл ұғымдар әртүрлі және мақалада бөліп қарастырылған. Нарративтің оны басқа мәтіндерден айырмашылығын көрсететін типтік ерекшеліктерін анықтау үшін нарратив мәтіндерінің сипаттамасы толығырақ көрсетілген. Баяндаудың негізгі категориялары туралы көптеген зерттеушілердің пікірлерін қамтыған.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/xumr8850
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0