Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 2.2024, с. 277-288
ТЫНЫШТЫҚБЕК ӘБДІКӘКІМОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ПАРАДИГМАЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ МӘТІНДЕГІ ПОЭТИКАЛЫҚ ДИСКУРСПЕН САБАҚТАСТЫҒЫ
Аннотация · Abstract
Мақалада қазақтың ғажайып ақындарының бірі – Т.Әбдікәкімов поэтикасындағы парадигмалық деңгей мен дискурстық негіздер туралы мәселе кеңінен қарастырылады. Поэзиялық шығармалардың дискурстық траекториясы сөз болған жерде ақынның ішкі әлемі мен рухани болмысына баса назар аударамыз. Оны мақаланың негізгі бөлімдерінде сөз етеміз. Тыныштықбек ақынның дәл бағасын берген қазақ прозасының көрнекті өкілі Ә.Кекілбайұлы еді. Ол Тыныштықбекті «біртүрлі ақын» дейді. Бірақ, білетініміздей, қазақтың «біртүрлі» дегені не мақтағаны емес, не даттағаны емес. Бірақ, әйтеуір, бірқалыпты құбылыс емес екендігі анық. Осындай ғажайып, философ ақынның ішкі әлеміне үңіле отыра, ой өрнектеріне жету жолдарын қарастырамыз. Ақын шығармашылығындағы көркем мәтін дискурстарының негіздеріне назар аударамыз. Толыққанды көркем туындыны дүниеге әкелу – ақын шығармашылығындағы басты мұрат. Әдеби туынды, яғни көркем шығарма тілдік белгілердің жүйелі сабақтастығымен, нақтылай түссек, мәтінмен тиянақталады. Туындының тілдік-семантикалық құрылымын анықтауда мәтін тарихын ескеру қажеттігі басым. Қазіргі қазақ поэзиясының дискурсты-талдау тәрізді нақтылы мәселелер тұрғысынан зерттеуге арналған бұл мақала – әдеби процестің тәуелсіздік кезеңіндегі айтылмыш мәселелерді арнайы қарастырған еңбектердің бірі. Жұмыста қазіргі қазақ поэзиясындағы формалық және поэтикалық тіл ерекшеліктеріне, олардағы жаңашыл белгілерге жан-жақты талдау жасалынады. Әдеби шығармалардың қағаз бетіне түскенге дейінгі процесі мен жарық көруі екеуі ішінара байланыста болады. Мақаланың қорытынды бөлімінде Тыныштықбек поэзиясының поэтикасындағы дискурстық негіздерге баға беріп, талқыланады. Кілтті сөздер: Т.Әбдікәкімов, поэтика, поэзия, дискурс, парадигма, қазақ әдебиеті, шығармашылық, мәдениет, руханият.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/xuli5534
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0