Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 2.2021, с. 87-97

Лингвистикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аудару стратегиясы шеңберіндегі аударма әдістері

Айгул Қазкенқызы Жұмабекова, Нуpсулу Исмаиловна Умиртасова

Аннотация · Abstract

"Мақала ғылыми мәтіндерді (лингвистикалық мәтін негізінде) қазақ тіліне тікелей аудару стратегияны дұрыс таңдау мәселелеріне арналған. Осы уақытқа дейін шетелдік ғылыми әдебиеттер мен оқулықтар қазақ тіліне дәнекер тілді (көп жағдайда орыс тілін) пайдалану арқылы жанама түрде аударылған. Сондықтан зерттеу нысаны ретінде бұрын қарастырылмаған В. Фpомкин және т.б. авторлығымен жарық көрген «Тіл біліміне кіріспе» оқулығы («Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында баспадан шыққан) негізге алынды. «Аударма стратегиясы» терминін анықтау мақсатында шетелдік тәржіметанудағы пікірталасқа ерекше назар аударылады (бұл термин қазақ аударматануында бұрын-соңды кездеспеген). Аталмыш зерттеу жұмысында авторлар ғылыми лингвистикалық мәтінді ағылшын тілінен қазақ тіліне туpа аудаpылуының әдіс-тәсілдерін қарастырған. Аударма мәтініне лингвоаудармашылық талдау жасалып, лексикалық және грамматикалық деңгейлердегі аудармашылық қателіктер мен сәйкессіздіктер анықталды. Негізін салалық терминология құрайтын осындай ғылыми мәтіндердің баламалылығына қол жеткізу үшін ғылыми тұрғыда дәйектелген аударма страегияларын қолдану қажет екендігі белгілі болды. Аудару барысында статистикалық талдаудың әдісін қолдану көрсеткендей, аударма терминдері кешенін негізінен транслитерация, түсіріп тастау, қосу, жалпылау, нақтылау, сөйлемдерді бөлу сияқты аударма әдістері құрайтындығы анықталды. "

Сведения · Details