Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2024, № 1, 2024, с. 89-105

ЖАЛПЫ КОМПЛЕКС САНДАРДЫҢ ЕКІ ӨЛШЕМДІ АЛГЕБРАСЫ

Б. Ж. Сағындықов, Ж. Бимұрат

Аннотация · Abstract

Бұл мақаланың тақырыбы алгебра мен геометрияға қатысты. Екі пән арасындағы байланыстар алуан түрлі және олардың әрқайсысы үшін өте жемісті. Қазіргі уақытта комплекс сандардың әртүрлі түрлері өте қарқынды зерттелуде. Бүгінгі күнге дейінгі көптеген маңызды есептер жалпы комплекс сандар теориясымен тығыз байланысты. Өкінішке орай жоғары мектептің оқу бағдарламаларында бұл бағытқа қатысты ештеңе айтылмайды. Сондықтан бұл мақала оқырманды жалпы комплекс сандардың екі өлшемді алгебрасының бастапқы жағдайымен таныстыру үшін ұсынылып отыр. Мақалада жалпы комплекс сандар квадраттық форманың дискриминантына қатысты эллиптикалық, гиперболалық және параболалық сандар жүйелеріне бөлінетіні қарастырылды. Олардың сәйкесінше алгебрасы анықталды. Жалпы комплекс сандар үшін Эйлер формуласы қорытылды. Сонымен қатар жалпы комплекс аргументті жалпы комплекс мәнді функциялар үшін Коши-Риман шарттары анықталды. Әрі қарай параболалық сандар жиынының ішкі жиынын құрайтын дуаль сандар үшін оның алгебралық, тригонометриялық және матрицалық көрсетілімдері анықталды. Сондай-ақ дуаль айнымалының аналитикалық функциялары қарастырылды. Жазықтықта берілген аффиндік координаттар жүйесіне қатысты жалпы комплекс санның орны базистік векторларға қатысты бірмәнді анықталды. Сонымен аффиндік нүктелерінің жиыны мен жалпы сандар жиынының арасында бірмәнділік сәйкестік орнатылды. Дуаль сандардың геометриялық интерпретациясын анықтау мақсатында аз көлемде Галилей геометриясынан мағлұматтар берілді. Нәтижесінде Галилейдің жазықтықтағы геометриясы мен дуаль сандар жазықтығы геометриясының арасындағы байланыс анықталды. Кілтті сөздер: дуаль сандар, эллипс, гипербола, парабола, Эйлер формуласы, Коши-Риман шарттары, Галилей геометриясы.

Сведения · Details