Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2025, № 3, 2025, с. 153-171
ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАР ТАРИХЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ: АҚШ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ
Аннотация · Abstract
Мақалада ядролық сынақтар тарихын мектептегі білім беру жүйесінде оқытудың педагогикалық және әдістемелік негіздері талданады. Зерттеудің мақсаты — Қазақстан мен АҚШ-тағы орта білім беру тәжірибесі арқылы ядролық тарихты оқытудың мазмұны мен тәсілдерін салыстыра отырып, радиациялық және ядролық сауаттылықты қалыптастыру жолдарын анықтау. Семей ядролық сынақ полигонына қатысты 9-сынып тарих оқулығына контент-талдау жасалып, мәтіннің ғылыми деңгейі, тапсырмалардың құрылымы мен тереңдігі сараланды. Сонымен қатар, АҚШ мектептерінде қолданылатын цифрлық және музейлік ресурстар (мысалы, Bradbury Science Museum, National WWII Museum, Columbia AFE жобасы) негізінде оқушылардың рефлексиялық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған әдістемелік тәсілдер сипатталады. Зерттеу барысында тарихи шолу, салыстырмалы талдау және педагогикалық әдістемелік сараптау әдістері қолданылды. Екі елдің оқыту тәжірибесі арасындағы айырмашылықтар білім мазмұнында ғана емес, оқушының азаматтық көзқарасын қалыптастыру мен экологиялық сананы дамытуға бағытталған әдістемелерде де айқындалды. Қазақстанда ядролық сынақтар тақырыбын тек фактологиялық деңгейде емес, тарихи, экологиялық және гуманитарлық қырларымен қамтып, пәнаралық интеграция негізінде оқыту қажеттігі негізделді. Мақалада оқыту мазмұнын жаңғыртуға қатысты нақты ғылыми-педагогикалық ұсыныстар берілді. Кілтnі сөздер: ядролық сынақтар тарихы, тарихты оқыту әдістемесі, радиациялық сауаттылық, Семей полигоны, ядролық сынақ, музей педагогикасы.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/xmly1685
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0