Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 3,2025, с. 159-172

І. ЖАНСҮГІРОВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ТҰРМЫСТЫҚ ЭТНОГРАФИЗМДЕРДІҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ

М. Т. Джакыпбекова, Ш. А. Кыяхметова

Аннотация · Abstract

Мақалада Ілияс Жансүгіровтің өлеңдеріндегі этнографизмдердің қолданылу ерекшелігі қарастырылып, олардың көркем мәтіндегі қызметіне және этномәдени мазмұнына талдау жасалды. Ақынның көркем мәтіндерін талдау қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігін, материалдық мәдениетін, этникалық дәстүрін бейнелейтін лексикалық бірліктерді анықтауға мүмкіндік берді. Ақынның өлеңдерінен дәстүрлі қазақ тұрмысын сипаттайтын, этномәдени мәні бар лексикалық бірліктер анықталып, жинақталған материалдар мал шаруашылығына қатысты атаулар, ат әбзелдері, тағам және еңбек құралдарының атаулары деген тақырыптық топтарға жіктелді, бұлай жіктеу олардың лингвомәдени мәнін жан-жақты қарастыруға мүмкіндік берді. Бұл бірліктердің семантикалық мағынасы лексикографиялық және этнолингвистикалық дереккөздер негізінде нақтыланды. Этнографизмдердің көркем мәтіндегі қолданысы көркемдік-стильдік талдау арқылы қарастырылып, олардың ұлттық дүниетанымды танытудағы, көркем бейне мен ұлттық нақышты айқындаудағы қызметі айқындалды. Зерттеу нәтижесінде І. Жансүгіров өлеңдеріндегі этномәдени лексика тек номинативтік қызмет атқарып қана қоймай, сонымен қатар этномәдени ақпарат тасымалдаушы және экспрессивтік құрал ретінде көркем мәтіннің мазмұндық-стильдік құрылымына ықпал ететіні дәлелденді. Зерттеу нәтижелері ұлттық поэзиядағы тіл мен мәдениет тұтастығын ашуға бағытталған маңызды қадам болып табылады, әрі этнолингвистикалық құндылықтарды тануға жол ашады. Кілттік сөздер: этнографизм, этномәдени лексика, ұлттық дүниетаным, қазақ тұрмысы, материалдық мәдениет,этнолингвистика.

Сведения · Details