Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2023, № 4,2023, с. 32-43
ХИМИЯ ПӘНІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДА БІЛІМ БЕРУДІҢ ОНЛАЙН-РЕСУРСТАРЫНЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Аннотация · Abstract
Мақалада қашықтықтан оқыту технологиялары мен онлайн-ресурстарды пайдалана отырып химия пәнін оқытуды ұйымдастыруға байланысты өзекті мәселелер қарастырылады, онлайн-білім беруді химия пәнінің оқыту бағдарламасына енгізу мүмкіндігі көрсетілген. Мақалада сонымен қатар «Химия» оқу пәнінің оқу бағдарламасының мазмұнына шолу жасалған. Қашықтықтан білім беру мүмкіндіктерін зерттеудің және оқушылардың пәнді оқуға деген ынтасын арттыру үшін оқу сабақтарын әзірлеудің маңыздылығы негізделген. Авторлар заманауи цифрлық білім беру ортасында оқытудың жаңа дизайнын қалыптастыруда жаңа теория мен практиканы игеру, дәстүрлі және цифрлық дидактика принциптерін тиімді ұштастыру арқылы жобалауды меңгеруге қажеттілік туралы мәселеге тоқталған. Online Test Pad интернет-сервистің көпфункционалды мүмкіндігін, платформаның тиімділігі әр түрлі дидактикалық тапсырмалар құру, электрондық оқу контентін жеңіл және жылдам жасау артықшылығын сипаттаған. Химия пәнін оқыту зертханалық тәжірибемен тығыз байланысты болғандықтан виртуалды зертхананы кіріктіру барысы көрсетілді. Химия пәнін қашықтықтан оқытуда электрондық оқу контентін қолдану тиімділігін бағалау мақсатында құрастырылған электрондық оқу контентімен өткізілген сабақтар бойынша қалыптастырушы бағалау нәтижесінің салыстырмалы көрсеткіші негізінде педагогикалық экспериментте білім алушылардың үш деңгейлі білімі бағаланып, қорытынды жасалды.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/xmdz5331
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0