Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2024, № 4.2024, с. 362-371

ПҚИРЖ-Е ЖҮЙЕСІНДЕ РАДИОБАЙЛАНЫСТЫҢ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ЕҢ ҰЗАҚ БОЛМАУ УАҚЫТЫН ЕСЕПТЕУ

Ж. Е. Шукаманов, Г. А. Сүлейменова, М. Б. Орунбеков, Л. Н. Есмаханова, Б. Б. Тлемисов

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада радиобайланыс негізінде пойыздар қозғалысын интервалды реттеу жүйелерінде радиобайланыстың рұқсат етілген ең ұзақ болмау уақытын есептеу әдісі қарастырылған. Қазақстан Республикасының теміржол желісінде соңғы үлгідегі радиобайланыс арнасының негізінде жұмыс істейтін пойыздар қозғалысын интервалды реттеу жүйесі қарқынды енгізіліп келеді. Пойыздар қозғалысын интервалды реттеу жүйесінің бұл түрінде жылжымалы блок-телімдері қолданылады. Бұл жүйе қазіргі таңда «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қарасты Узень – Болашақ (143 км), Жетыген – Алтынкөл (280 км), Арқалық-Шұбаркөл (214 км), Шалқар – Бейнеу (471 км) және Жезқазған-Сексеуіл (517 км) теміржол телімдеріне енгізілген. Алайда, қазіргі таңда радиобайланыс негізінде пойыздар қозғалысын интервалды реттеу жүйесі эксплуатацияға берілген теміржол телімдерінде радиобайланыс орталығы мен пойыз құрамының борттық жүйесі арасында радиобайланыстың жоғалуы кең байқалуда. Радиобайланыстың жоғалуы неғұрлым ұзақ уақытқа созылуы, пойыздар қозғалыс графигінің орындалуына үлкен кері әсерін тигізеді. Осы орайда, мұндай жүйелерде радиобайланыс арнасының рұқсат етілген ең ұзақ болмау уақытын есептеу арқылы, радиобайланысты қалпына келтіру уақытының максималды шегін белгілеу өзекті мәселелердің бірі. Мақалада көрсетілген есептеу әдістерін тәжірибеде қолдану арқылы, радиобайланысты қалпына келтіруге кететін уақытты ескере отыра, жүйенің тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін, осы уақыт аралығына резервті байланыс арнасын қолдану мүмкіндігін қарастыруға болады. Кілтті сөздер: пойыз аралық интервал, радиобайланыс, блок-телім, базалық станция, интервалды реттеу.

Сведения · Details