Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 2.2024, с. 383-395

БЕКМҰРАТ УАХАТОВТЫҢ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ НАНЫМ–СЕНІМНЕН ТУҒАН ӨЛЕҢДЕР ТАБИҒАТЫ

А. Т. Ташекова

Аннотация · Abstract

Аталмыш мақалада фольклорист-ғалым Бекмұрат Уахатовтың халық өлеңдерінің бір түрі – наным-сенім жырлары әдеби-этнографиялық, типологиялық негіздегі ғылыми тұрғыда терең әрі жан-жақты салыстырмалы түрде зерделенген жөніндегі еңбегі туралы мәселе қарастырылады. Ел ауызында халқымыздың құндылықтарының тамаша үлгісі ретінде айтыла бастаған наным-сенімге байланысты халық өлеңдерінің алғашқы шығу кезеңдері, таралуы, түр-түрге бөлінуі туралы ғалым еңбегінің ерекшеліктеріне талдау жасалынады. Сонымен қатар Бекмұрат Уахатовтың халық өлеңдері функционалдық, тақырыптық, көркемдік ерекшеліктерін өзіндік пайымдауымен, айқындаудағы еңбегіне баға беріледі. Өзге ұлт халықтарының өлең үлгілерімен жаңаша көзқараспен салыстырылып, типологиялық өзгешеліктері мен ұқсастықтары анықталады, идеялық-көркемдік ерекшеліктері ашылады. Наным-сенім жырлары – ислам дінінен арғы ескі дәуірлерде туып, біздің заманымызға көп өзгеріспен, көркемдік құбылыспен жеткен фольклорлық поэтикалық дүниелердің бірі. Зерттеушінің наным-сенім сарынындағы жырлардың ең негізгі мотиві, тұрақты тұжырым ұстанымы, халықтық идеясының тақырыптық-жанрлық сипатын анықтаудағы еңбегі зерттеу нысанына алынады. Мазмұн жағынан жақындығы, жаңа ойлармен сюжеттердің берілу тәсілдері, сыртқы түр формасы, ұйқас түрлері және лингвистикалық құрылым ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді. Халықтың ескілікті ұғым-нанымы бойынша жинақталған халық өлеңдерінің жиналу, категорияларға бөліну, өлең ұйқасының ішкі мағынасына қарай жіктелу табиғаты танылады. Кілтті сөздер: Бекмұрат Уахатов, халық өлеңдері, наным-сенім жырлары, типология, ауыз әдебиеті, ұйқас, поэтика, жанрлық сипат.

Сведения · Details