Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2021, № 1.2021, с. 133-146
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ҚАРТ АДАМДАРДЫҢ ЖАЛҒЫЗДЫҒЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОҚШАУЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация · Abstract
Мақалада егде жастағы адамдардың жалғыздығы мәселесі қарастырылады. Жалғыздықтың түрлеріне анықтама беріледі. Жалғыздықтың негізгі факторлары. Сонымен қатар, мақалада жалғыздық құбылысын зерттеудің негізгі әлеуметтік-философиялық, психологиялық және социологиялық теориялары талданады. Егде жастағы адамдардың жалғыздық проблемалары және оны жеңуге әлеуметтік көмектің маңыздылығы туралы айтылған. Қарт адамның өмірін лайықты, белсенділікке және қуанышқа қалай айналдыру керек, оны жалғыздық, жат сезімдерден арылту, байланыс тапшылығын толтыру және оның әлеуметтік және медициналық қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету-барлық осы мәселелер тек әлеуметтік қызметтерді ғана емес, зерттеушілерді де алаңдатады, бұл мәселені шешу жаһандық деңгейде қарастыру қажет. Зерттеу барысында сандық әдіснама ретінде анкеталық сауалнама қолданылды. Анкеталық сұрау Алматы облысының Текелі қаласында орналасқан «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» қарт адамдар арасында жүргізілген. Зерттеу нәтижесінде қарттардың жалғыздыққа деген көзқарастары анықталды. Зерттеу кәсіби этикалық талаптарға сәйкес келеді.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/xjkm5148
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Humanities series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0