Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2025, № 4, 2025, с. 146-160
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘКІМДЕР ИНСТИТУТЫ МЕН ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Аннотация · Abstract
Мақалада Қазақстан Республикасында әкімдер институтының және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен даму үдерісі талданады. Жергілікті биліктің трансформациясы 1990-жылдардан бастап 2023 жылы әкімдерді тікелей сайлау тәжірибесінің енгізілуіне дейінгі кезеңді қамтиды. Автор заңнаманың эволюциясын, азаматтардың басқару үдерісіне қатысу нысандарын, өкілеттіктерді ұсыну мен заңдастыру тетіктерін саралайды. Әсіресе, әкімдерді тағайындаудан сайлау арқылы іріктеу жүйесіне көшуге баса назар аударылады: пилоттық және кең көлемді сайлау науқандары, олардың қорытындылары мен қоғамдық пікірдің реакциясы қарастырылады. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару формалды құрылымдардан неғұрлым жетілген және демократиялық басқару үлгісіне өтіп жатқаны, бұл үдерістің институционалдық қолдауды, кадрлық жаңаруды, саяси мәдениетті арттыру мен аумақтардың қаржылық дербестігін қажет ететіні туралы қорытынды жасалады. 2021–2023 жылдары ауылдық округтер мен аудандар әкімдерінің тікелей сайлауын енгізуге, олардың саяси нәтижелері мен қоғамдық қабылдауына ерекше назар аударылды. Авторлар Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару кадрлық әлеуетті одан әрі дамытуды, азаматтардың саяси мәдениетін және өңірлердің қаржы-экономикалық дербестігін арттыруды көздейтін институционалдық нығайту және демократияландыру кезеңіне жария басқарудың тиімді жүйесінің негізі ретінде кіреді деген қорытындыға келеді.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/xewl1174
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Humanities series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0