Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2023, № 2.2023, с. 265-276
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ СӨЙЛЕМЕЙТІН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА АЛЬТЕРНАТИВТІ КОММУНИКАЦИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Аннотация · Abstract
Мақалада ерекше білім беруге қажеттілігі бар (бұдан әрі ЕББҚ бар) мектеп жасына дейінгі сөйлемейтін балалармен жұмыс жасауда альтернативті коммуникацияны қолдану тақырыбы қарастырылады. Балалардың тіл дамуының сензитивті кезеңі мектепке дейінгі шақ болғандықтан, балалардың тіл дамыту жұмысында логопед маманының өз жұмысында альтернативті коммуникация тәсілдерін қолдана білуі тиіс. Мақалада инклюзивті білім берудегі мектеп жасына дейінгі сөйлемейтін балалармен жұмыс жасаудағы қарым-қатынас жасаудың өзге альтернативті тәсілдерін қолдану, ЕББҚ бар балалардың қарым-қатынас жасаудағы сөйлеу орталықтарының бұзылыстарына байланысты қолданылатын әдіс-тәсілдерді таңдау мәселесі көтеріледі. Сөйлемейтін мектеп жасына дейінгі балалармен түзетушілік жұмыстың басты мақсаты өзара қарым-қатынас жасауға қажеттілігі аталынады. Мектеп жасына дейінгі сөйлемейтін балалармен альтернативті коммуникацияны қолдану арқылы олардың қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасаудың мүнкіншілігі туып, өз қалаулары мен ойларын айту жолы болып табылады. Жалпы мақалада ерекше ЕББҚ бар балалармен жұмыс жасайтын педагогтердің баламен қарым-қатынас жасауда альтернативті коммуникация тәсілдерін ізденуін және оларды тиімді өз жұмысында қолдануы айтылады. Сонымен қоса, сөйлемейтін мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудағы альтернативті коммуникация түрлері көрсетіледі. Мақалада альтернативті коммуникация әдістерін мектеп жасына дейінгі сөйлемейтін балалармен жұмыс жасаудағы тиімділігі кестеде салыстырмалы түрде көрсетілген.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/xers8627
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0