Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2024, № 1,2024, с. 129-137

ТИТАН КАРБИДІМЕН МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ҮЙКЕЛІСКЕ ҚАРСЫ ШОЙЫННЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Ж. Н. Атамбаев, СВ. С. Квон, К. Ю. Окишев

Аннотация · Abstract

Жұмыстың мақсаты өнеркәсіптік жағдайда өндіріп алған үйкеліске қарсы шойынның қасиеттеріне титан карбидін енгізудің жағымды әсерін зерттеумен зертханалық жағдайда алынған деректерді растау болып саналады. Аталған шойынның қаттылық пен жоғары беріктік қасиеттеріне түрлі қоспалаушы заттардың құйылманың, оның ішінде шойын құрылымдағы графит фазасының қалыптасуындағы әсері келтірілген. Титан карбидімен модификацияланған АЧС-3 маркалы үйкеліске қарсы шойыннан жасалған үлгілермен жүргізілген сынақтар нәтижелері ұсынылған. Сынақтар жүргізу үшін тәжірибелік үлгілер антифрикациялық шойындардан құймалар алудың алдына ала әзірленген технологиясымен өнеркәсіптік сынақтар жүргізу шеңберінде «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік алаңында алынды. Микроқұрылымдық зерттеу жүргізу үшін дайындалған микрошлифтер тазартылып, тиісті сұйықтармен өңделгеннен кейін сынақтарға ұшыратылды. Үлгілердің микроқаттылығы, үйкеліс коэффициенті зерттелді, сонымен қатар үлгілер құрылымының құрамы талданды. Зерттеу барысында модификатордың әсерін бағалау үшін қарапайым әдіспен модификатор қосусыз өндіріп алынған үлгілердің сынақ көрсеткіштері салыстырылған. Құйылып алынған шойын үлгілерінің құрылымдық талдауларынан, қоспалаушы заттардың бір келкі емес таралуы байқалады. Зерттеулер көрсеткендей, құрылымда ерімеген титан карбиді бөлшектері бар. Өңделген үлгілерде микроқаттылық біршама артады, бірақ үйкеліс коэффициенті төмендейді. Бұл факт алдыңғы зерттеулерде алынған нәтижелерді растайды. Кілтті сөздер. Үйкеліске қарсы шойын, титан карбиді, микроқаттылық, құрылым, үйкеліс.

Сведения · Details