Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 4.2024, с. 266-276
ДК. К. РОУЛИНГТІҢ «ГАРРИ ПОТТЕР» ӘДЕБИ ЕРТЕГІ ЖЕЛІСІНДЕ ҒАЖАЙЫП ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Аннотация · Abstract
Бүгінгі таңда әдеби ертегі қарқынды дамып жатқан жанрлардың бірі. Балалар мен ересектердің жүрегінен орын алып, әлемдік бестселлер туындыларға айналып та үлгеруде. Мақалада әдеби ертегілерде ғажайып ертегілер элементтерінің қолданылуы қарастырылады. Мақаланың мақсаты ғажайып ертегінің композициялық элементтерін бестселлер туындыларда қолдануын анықтау. Дж. К. Роулингтің туындысына ертегінің формаларын, элементтерін, мотивтерін, сюжетін анықтауға арналған зерттеу жұмысы жасалды. Бұл зерттеу жұмысында сапалық әдіс қолданылды, құрылымдылық талдау жасауда В. Я. Пропптың сюжеттік отыз бір функциясы мен ғажайып ертегілерге тән элементтер басшылыққа алынып, мәтінге морфологиялық талдау жасалынды. Зерттеу барысында Гарри Поттер туындысындағы ғажайып ертегілерге тән сюжеттік композиция оның ішінде ғажйып ертегінің бастапқы және қорытынды формалары, ертегі сюжеті мен мотиві дәлелденді. Морфологиялық талдау ертегінің екі желісінде жасалып, функциялық құрылымы анықталды және морфологиялық символдары көрсетілді. Гарри Поттер ғажайып ертегілерге элементтері мен сюжеттік мотивтері тән шығарма. Бұл шығарманың балалардың ғана емес, ересектердің де іздеп оқитын ертегісі болуы, біз зерттеп отырған мәселе мен зерттеу жұмыстарының өзектілігін көрсетеді. Кілтті сөздер: сюжет, элементтер, мотив, әдеби ертегі, бастапқы форма, қорытынды форма.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/wysa5149
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0