Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2022, № 3.2022, с. 155-164

"ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕЛ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ІРГЕТАСЫН ЗЕРТТЕУ "

Д. К. Оразова, Р. Е. Лукпанов, Ж. К. Сапенова, Г. Т. Тлеуленова

Аннотация · Abstract

"Мақалада Қазақстандағы, атап айтқанда Ерейментау ауданының гидрогеологиялық жағдайында жел энергетикалық қондырғының (ЖЭҚ) негіздері мен іргетасын зерттеу сұрақтары қарастырылған. Қазақстан аумағында жел электр станциясының құрылысының мәселелері қарастырылған. Жел жылдамдығының категориясы бағаланды. Құрылыс Нормалары және Ережелерінің техникалық талаптарына сәйкес келетін инженерлік-геологиялық шарттарға келетін іргетас сипаттамасы келтірілген. Аумақтың инженерлік-геологиялық құрылымының қабаттары бейнеленген. Зерттелетін алаңдарында негіз топырағында алынған инженерлік геологиялық элементтердің физика-механикалық қасиеттері көрсеткіштерімен сипатталған. Ғимараттар мен құрылыстардың жер асты бөлігін тұрғызумен байланысты технологиялық процестерді нөлдік цикл жұмыстарының құрамына топырақты өңдеу және іргетастарды құру технологиялық процестері көрсетілген. ЖЭҚ іргетасы мен мұнараның табиғи өлшеулер нәтижесі бойынша ЖЭҚ жел қысымынан ЖЭҚ іргетасының вибрациялық параметрлеріне болжам жасалды. Есептеулер зерттеу бойынша вертикаль, горизонталь және толық орын ауыстырулардың, салыстырмалы деформация мен қалыптыm жанама және толық кернеудің мәндері көрсетілді. Мақалада нормативтік стандарттарға сәйкес тақталық іргетас қарастырылған. Зерттеулер нәтижесі кесте мен суреттер түрінде келтірілген. Іргетастың пішіндік өлшемдері шекті жағдайларды қамтамасыз етуге байланысты: көтеруші қабілет, іргетастың шөгуі және жалпы тұрақтылық мәндері бойынша алынды. Кілтті сөздер: баламалы энергетика, ЖЭҚ, іргетас, жүктеме, кернеу. "

Сведения · Details