Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 3.2020, с. 278-289

Ғ. МҮСІРЕПОВТІҢ «ҰЛПАН» РОМАНЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ҚҰРЫЛЫМЫ

Жанбай Тұрарұлы Қадыров, Жанар Серкешқызы Таласпаева, Айғаным Сайрановна Бейсенбаева, Ернар Иманбаев

Аннотация · Abstract

"Мақалада Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романының көркемдік құрылым мәселесі қарастырылады. Шығарманың көркемдік құрылымы тарихи шындыққа негізделген бейнелер тағдырының үлкен тарихи жинақтау дәрежесімен ерекшеленетіндігі аңғарылады. Шығарманың өзгеше көркемдік ерекшелігі ретінде сюжеттік-композициялық желі қосарланып отыратын егіз бейнелердің берілуімен күрделендіріліп контраст түрінде келуі жазушының шеберлік мүмкіндіктерін байқатады. Романның стилі байсалды, өмір шындығын кең қамтып, асықпай суреттеумен ерекшеленеді. Оқиға жанр талабына лайық бас кейіпкердің іс-әрекеті маңында өрбісе де, Ұлпанға қатысты біраз адамдар дараланып берілген. Әсіресе Мүсіреп пен Шынар, олардың мінез-құлқы мен адамгершілік белгілері оқушысын риза етеді. Есеней-Мүсіреп, Ұлпан-Шынар араларындағы құрбының жарастықты әзілі мен сыйластығы халықтың жақсы әдет-ғұрып, салт-санасының әдемі көріністері есебінде де бағалы. Дәуір мен адамның диалектикалық байланысын ел өмірінің көп салалы шындығы арқылы жазушы эпикалық суреткерлікпен көркем бейнелейді. Шығармадағы қосалқы, жанама оқиғалардың кездесуі шығарманың композициялық бітімін анықтай түседі. "

Сведения · Details

Профили авторов · Author profiles