Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2025, № 3, 2025, с. 208-221

СТЕРЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРІН ШЕШУДЕ ВЕКТОРЛЫҚ-КООРДИНАТАЛЫҚ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

А. Б. Кокажаева, М. Р. Каскабаева, Г. Р. Бергенжанова

Аннотация · Abstract

Мақалада мектеп геометрия курсында жазықтықтағы фигураларды кеңістікте елестете білу сияқты абстрактілі ұғымдар арқылы стереометрияның элементтерін зерттеудің алғашқы кезеңдері қалыптаса бастағанда оқушылардың қабылдау дағдыларына байланыстытуындайтын қиындықтарды жеңілдету жолдары туралы қарастырылған. Сонымен қатар, мектеп қабырғасындағы көптеген геометриялық есептерді шешудің негізгі әдісі болып табылатын векторлық-координаталық әдісті тиімді пайдаланудың маңыздылығы, сол сияқты тақырыптың өзектілігі баяндалған. Бұл әдістер геометриялық есепті алгебралық түрге әкеледі. Нақты жағдайларда векторлық-координаталық әдісті қолдану оқушылардың келесідей дағдыларын игеруіне негіз болады: геометриялық тілді вектолық тілге аудару және керісінше; векторлармен операцияларды орындау; векторды санға көбейту, векторлардың скаляр көбейтінді арқылы олардың арасындағы бұрыштың шамасын табу және т.с.с. Векторлық-координаталық әдіс интуицияны, болжамды қажет етпейді: есептерді шешу алгоритмделген, бұл көп жағдайда мәселені шешуді жеңілдетеді. Есептерді шешуде векторлық-координаталық әдісті қолданудың тиімділігі оқушыларға ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру кезінде уақыт үнемдеуге көмектесетіндігі анық. Стереометриялық есептерді шешуге бірнеше мысалдар келтіріліп, онда векторлық-координаталық әдісті дұрыс қолдана білудің артықшылықтары көрсетілген. Мақаланың мазмұны жоғары оқу орындарының оқытушыларының, мектеп мұғалімдерінің, жоғары сынып оқушыларының қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Кілтті сөздер: орта мектеп геометриясы, ұлттық бірыңғай тестілеу, уақыт үнемдеу, тиімді әдіс-тәсілдер, вектор, координата, кеңістіктік есептер, ақпараттық технологиялар.

Сведения · Details