Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 3.2022, с. 109-119
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ДЕТЕКТИВТІ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
Аннотация · Abstract
"Мақалада детективті шығармаларды оқыту арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін қалыптастыру және дамыту жолдары қарастырылады. Тұлғаның шығармашылығын белсендіруге байланысты детектив, шытырман оқиғаларды талқылауға, дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер көрсетілген. Шығарманың құрылымын, мазмұнын, оқиғаның жұмбақ шешімі негізінде студентті дұрыс ойлауға, сын тұрғысынан қарауға, бақылағыштыққа машықтандыру көзделген. Детективті шығармаларды оқи отырып, студент өз тұжырымдарын, пікірлерін талдау арқылы түсінуге бағытталған сұрақтарға жауап береді. Нәтижесінде, сыни тұрғыдан қойылған сұрақтарға алынған жауаптар студенттің жоғары деңгейде ойлануына және белгілі бір нәтижеге жетуіне ықпал етеді. Қазақ аудиториясында сюжеті жұмбақ қылмыс салдарын логикалық пайымдаулар арқылы ашып көрсетуге арналған детективті шығармаларды оқыту әдістемесінің өзіне тән белгілері мен ерекшеліктері де баяндалады. Студенттердің детективті шығармадағы жұмбақтарды бірлесіп шешу арқылы олардың ойлау дағдыларын қызықты әрі тартымды түрде дамытудың жолдары айтылады. Детективті шығармалар қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие болып отыр. Сондықтан, жоғары оқу орындардағы студенттердің шытырман оқиғалы, детектив шығармаларын оқу арқылы әдебиетке, көркем әдебиетке деген қызығушылығы арта түседі. Сондай-ақ, осы маңызды мәселелерді қарастыра келгенде, детективті шығармаларды оқыту арқылы, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жағдайы жасалынуы керек. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/wmzw9821
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0