Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2020, № 3.2020, с. 247-256
Состояние электроэнергетической безопасности регионов Казахстана в 2018 году
Аннотация · Abstract
Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолдау мемлекеттің стратегиялық міндеті. Энергетика саласы ел экономикасының тұрақты және орнықты дамуын қамтамасыз ететін басты салаларының бірі болып табылады. Республиканың және өңірлерідің электр энергетикалық қауіпсіздік жағдайының тұрақты мониторингі осы энергетикалық қауіпсіздік блогының жағдайына сапалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Электр энергетикалық қауіпсіздік жағдайы салыстырмалы талдауы энергетикалық қауіпсіздік жағдайын бағалау өлшемшарттарының шекті мәндерін пайдалана отырып, индикативтік талдау әдісін қолдануымен жүргізілді. Талдау кезінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің 2006 және 2018 жылдардағы ресми статистикалық деректері пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның тек қана үш облысында электр энергиясымен қамтамасыз ету блогы бойынша және жалпы ҚР-да энергетикалық қауіпсіздіктің қалыпты деңгейі бар екендігі анықталды. Осы жылдар мерзімінде Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы көрсеткіштер қалыпқа келтірілді. Бірақ та, энергетикалық қауіпсіздікті электр энергиясымен қамтамасыз ету блогының критерийлері келесі облыстарда нашарлады: Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды. Оңтүстік өңірдегі электр энергетикалық қауіпсіздіктің дағдарысты жағдайы өзгерген жоқ. Елдегі ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы орташа әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда жоғарырақ. Энергетикалық қауіпсіздікті арттырудың неғұрлым экономикалық тиімді тәсілі энергия үнемдеуші ұйымдастырушылық және техникалық-экономикалық іс-шараларды кеңінен енгізу болып табылады.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/wlwr8813
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language русский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0