Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 4.2020, с. 154-165
Б. Майлин прозасындағы көркемдік шындық
Аннотация · Abstract
"Қазақ прозасының іргетасын қалаушы көркем сөз шеберлерінің бірі – Бейімбет Майлин. Әдебиеттің барлық: поэзия, проза, драматургия салаларында бірдей қажырлы да жемісті еңбек етіп, көркемдік жағынан құнды, көлемі жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырды. Мақалада Бейімбет Майлиннің прозалық туындыларындағы заман шындығы мен көркемдік шындықтың арақатынасы, поэтика мәселелері пайымдалады. Жазушы шығармаларының идеялық-композициялық желісіндегі ұлттық-этнографиялық сипат болмысы, көркемдік дәстүр жалғастығы мәселесі айқындалады. Сонымен қатар оның туындыларындағы өмір шындығының тарихи шындықпен бейнеленуі, тарихилықтың көркем шындыққа негіз болуының ерекшеліктері зерделенеді. Б. Майлин туындылары ХХ ғасыр басындағы әдеби процесс контексінде қарастырылып, өз кезеңіндегі шығармашылықпен байланысы, сабақтастығы және сол арқылы оның өзіндік даралық сипаты зерделенеді. Б. Майлин прозасы қазақ ауылының бейнесін айқындауда жанрлық, көркемдік және тарихи-әдеби негізінің қуаттылығымен, сол арқылы өзінің даралық стилімен ерекшеленетіні туралы қорытынды жасалады. Қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен келген жазушы Бейімбет Майлин прозасының тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері сараланады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/wlkc7816
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0