Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2023, № 4,2023, с. 120-129

«ҮШҚАТЫН III» КЕН ОРНЫНЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ НЕГІЗДІ МАРГАНЕЦ КЕНІН ПЕТРОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕРМОГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Д. А. Есенгалиев, Б. С. Келаманов, А. А. Абілберікова, А. А. Муканова, А. А. Нуржанов

Аннотация · Abstract

Осы мақалада металлургиялық өндіріске қажет «Үшқатын III» кен орнының жоғары негізді марганец кендерінің петрографиялық және термографиялық зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей осы кен орнындағы марганец кені құрамында зиянды қоспа фосфордың аз болуы және кальций тотығы мөлшерінің жоғары болуы бұл кен орнын марганец қорытпаларын балқытуға оңтайлы шикізат ретінде қарастыруға болады. Осыған байланысты жоғары негізді марганец кеннің металлургиялық өндіріске қажеттілігін анықтау үшін оны рентгенофазалық, минералогиялық және термографиялық зерттеулері жүргізілді. Сәйкесінше, ДРОН – 2,0 рентген аппарат нәтижесі бойынша, кеннің құрамында келесі минералдар табылды: браунит (Mn2O3∙MnSiO3), биксбиит (Mn,Fe)2O3, кальцит (CaCO3), гематит (ɑ-Fe2O3). Минералдық-петрографиялық талдау «NYMCS-605» моделінің портативті металлургиялық микроскопының көмегімен жүргізілді. Микроскопиялық зерттеулер көрсеткендей, жоғары негізді марганец кенінде жылтыр қара жолақты құрылымға ие гаусманит (Mn3O4) және ашық түске ие бос жыныстардан, яғни карбонат негізндегі аз мөлшерде халцедон (SiO2), кристалды тефроит (Mn2SiO4) бар екені анықталды. Карбонат ұсақкристалды кальциттен құрамында родохрозит (MnCO3), кей жерлерде барит (BaCO3) пен тефроиттен тұрады. Сонымен қатар жоғары негізді марганец кенін термографиялық талдауы жасалды. Дифференциялдық -термографиялық талдауды F. Paulik, J. Paulik, L. Erdei дериватографта Q=1000 10°С/мин қыздыру қадамымен 25–1000 °С температура диапазонында зерттеу жүргізілді. «Үшқатын ІІІ» кен орнының жоғары негізді марганец кенінің микроқұрылымын петрографиялық, термографиялық талдау нәтижелері бойынша оны марганец негізіндегі ферроқорытпа балқыту технологиясына қолдану мүмкіндігі дәлелденді. Кілтті сөздер: марганец кені, ферромарганец, негізділік, минералогиялық-петрографиялық талдау, рентгенофазалық талдау, термографиялық талдау.

Сведения · Details