Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2021, с. 119-132
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Аннотация · Abstract
"Мақалада дидактикалық ойындардың бірнеше түрлері бөліп көрсетілген. Дидактикалық ойындардың барлық түрлерінің бір-бірін өзара толықтыратындығы, сонымен бірге ойындардың оқушының зейінін, байқағыштығын, тапқырлығын дамытатындығы айтылған. Сонымен бірге мақалада сабақты ойын түрінде ұйымдастыруға қойылатын талаптар анықталған, сабақта ойын технологияларын қолданудың шарттары берілген. Ойын процесінің материалды түсіндіруді жеңілдететіндігі, оқушыларды сабақта белсендіретіндігі, әрбір тақырып бойынша берілген есептерді шығаруға және оның нәтижесін алуға қызығушылық тудыратындығ, білім алушылардың логикалық ойлауын дамытуға ықпал ететіндігі қарастырылған. Сабақты ойын түрінде ұйымдастыруға қойылатын талаптар жіктеліп, көрсетілген. Ойын түрінде ұйымдастырылған жарыс сабақтарының білім алушылар арасындағы қарым-қатынасқа, сыныптастар арасындағы жауапкершілік, пәндік білімнің негізін қалауда үлкен рөл атқаратындығы анықталған. Жалпы білім беретін мектеп математика курсының «Функцияның туындысын табу» тақырыбындағы дидактикалық ойынды қолдана отырып, сабақ өткізу әдістемесінің үзіндісі келтірілген. Бұл мақалада сабақта ойын технологияларын қолдануға арналған, сақтау қажет болатын шарттар және онда әртүрлі дидактикалық ойындарды қолдануға болатындығы да көрсетілген. Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқыту кезінде сабақта және сабақтан тыс өткізілетін факультативтерде ойын технологияларын танымдық әмбебап оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру құралы ретінде қарастырады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/whgq6914
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0