Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2025, № 2, 2025, с. 4-18

Қазақстандағы қалыптасуы мен даму мүмкіндіктері

Аккулиева А. Е., Нурышева Г. Ж.

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада цифрлық гуманитаристика мен философия арасындағы өзара байланыс, сондай-ақ Қазақстандағы осы ғылыми бағыттың қалыптасу ерекшеліктері мен даму мүмкіндіктері қарастырылған. Мақаланың басты мақсаты – цифрлық гуманитаристика ұғымының теориялық-әдіснамалық негіздерін талдау, осы саладағы әлемдік тәжірибелерді зерделей отырып, Қазақстанда цифрлық гуманитаристиканы білім беру мен ғылыми-зерттеу жүйесіне енгізудің нақты жолдарын айқындау болып табылады. Зерттеу барысында теориялық талдау, тарихи-хронологиялық әдіс, контент-талдау, сондай-ақ ғылыми еңбектер мен ресми құжаттарды салыстырмалы зерделеу әдістері кешенді түрде қолданылды. Нәтижелер көрсеткендей, цифрлық гуманитаристика дәстүрлі гуманитарлық ғылымдар мен заманауи ақпараттық технологияларды біріктіре отырып, үлкен деректер (big data), жасанды интеллект, виртуалды және кеңейтілген шындық (AR/VR) сияқты жаңа технологияларды белсенді пайдаланады. Авторлар цифрлық гуманитаристиканы білім беру жүйесіне кеңінен енгізу ғылыми зерттеу нәтижелерінің қолжетімділігін арттырып, академиялық қауымдастықты цифрландыруға оң әсер ететінін тұжырымдайды. Сонымен қатар, мақалада цифрлық технологияларды гуманитарлық зерттеулерге енгізудің этикалық-әлеуметтік аспектілері және білім беру жүйесін цифрлық трансформациялаудың әдістемелік мәселелері кеңінен талқыланған. Авторлар қазақстандық ғылыми орта мен білім беру мекемелерінде цифрлық гуманитаристикаға арналған арнайы ғылыми жобалар мен мамандықтарды енгізудің қажеттігін атап өтеді. Бұл, өз кезегінде, гуманитарлық ғылымдардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Кілтті сөздер: Цифрлық гуманитаристика; цифрлық технологиялар; мәдени мұраны цифрландыру; big data; Digital Kazakhstan; цифрлық философия; виртуалды шындық; кеңейтілген шындық; жасанды интеллект.

Сведения · Details