Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 3.2024, с. 362-375
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Аннотация · Abstract
Бұл мақала Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің фольклорлық мұрасы туралы және оның шығармашылығы бүгінгі күні қаншалықты деңгейде зерттелгені жөнінде кешенді талдау болып табылады. Қазақ әдебиетінің дамуына, соның ішінде фольклортану ғылымдарының өсіп-өнуіне зор үлес қосқан Мәшhүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығын жан-жақты зерттеу ісі – бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі болып табылады. Белгілі ғалымдар мен әдебиеттанушылар оның қазақ тілі мен әдебиеті және мәдениетіне қосқан үлесін тереңірек түсіну және бағалау үшін Мәшһүр Жүсіп Копейұлының еңбектерін зерттеумен айналысты. Осындай зерттеушілердің қатарында тіл мен әдебиет, тарих және философия, психология мен педагогика, этнография, мәдениеттану салаларындағы ғылым докторларын, фольклортанушы-ғалымдарды атауға болады, олардың жұмыстары Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығы және оның Қазақстан тарихы мен мәдениетіндегі рөлі туралы түсінігімізді кеңейтуге көмектеседі. Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығына, фольклорға қатысты жазылған түрлі зерттеу жұмыстарын сараптай отырып, ақынның мол мұрасын қаншалықты деңгейде зерттелгенін қарастыру, сонымен бірге Мәшһүр Жүсіп мұраларының қай саласында әлі де толық талдау жасалмағанын айқындау, ашып көрсету мақаланың мақсатына жатқызылады. Кілтті сөздер: Мәшһүр Жүсіп, фольклор, мәдени мұра, Мәшһүртану, зерттелу тарихы.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/wcdu8052
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0