Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2020, с. 514-521

ҚАТЫСЫМДЫҚ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ

Ардақ Шайкенқызы Тлеулесова

Аннотация · Abstract

"Бұл мақалада қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан оқытудың түрлері талданған. Тіл үйретуде алдағы қатардағы озық әдіскерлердің еңбектеріне шолу жасалған. Тіл дамытуға бағытталған грамматикалық тапсырмалар, анықтамалар, ережелер, талдаулар білім алушылардың, шығармашылық қабілеттерін, ой-өрістерін арттыруға арналған материалдарға сараптама жасалған. Қатысымдық тұрғыда оқыту әдістемесінің ерекшеліктері: сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша білім алушылардың белсенділіктерін қалыптастыруға, ой ұшқырлығын дамытуда, білімін кеңейтуге теориядан алған білімдерін жүйелеуге бағытталған. Қазақ тілін оқытуда деңгей бойынша тапсырма беруде ауызша тіл дамыту басымырақ болады.Сонымен қатар, қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерудің тиімділігі жайлы айтылған. Тіл дамыту жұмысында білім алушылардың пікір айту, ауызша сөйлеу, жазбаша сауатты жазу, қоғамның өзге өкілдерімен сауатты қарым-қатынас жасау, яғни әрбір адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін шешу жолдарын көрсету керекпіз. Қатысымдық әдістің көмегімен білім алушылардың деңгейлік көрсеткіштерін қалыптастыруға байланысты жүргізілген жұмыс түрлері: айтылым мен жазылым қатынасын қалыптастыруға, сөйлеу дағдыларын дұрыс меңгеру, танымдық қабілеттерін арттыру жолдары ерекше. Сонымен қатар, тұжырымдама, нормаларды түсініп, дәлелдей білуге үйретуге және оны нақтылы іс-әрекетке, жаттығуды орындау ерекшеліктері бар. "

Сведения · Details