Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2024, № 3.2024, с. 347-360

Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуді талдау

А. О. Сыздықова

Аннотация · Abstract

Қазақстан экономикасының іргетастарының бірі саналатын шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) елдің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде шешуші рөл атқарады. ШОК субъектілері жұмыспен қамтуды арттыру, инновациялар мен бәсекеге қабілеттілікті нығайту сияқты факторлармен экономикалық экожүйені байытады. ШОК субъектілерінің Қазақстан экономикасына қосқан үлесі айтарлықтай өсуде. 2022 жылы ЖӨӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құнының үлесі 33,5 %-ды құрайды. Алайда бұл кәсіпорындардың қаржыға қол жеткізудегі қиындықтары олардың толық әлеуетін жүзеге асыруға кедергі келтіруі мүмкін. Осы тұрғыда ШОК субъектілерін қаржыландыру қажеттіліктері, әсіресе ШОК несиелері олардың экономикалық өсуді қолдау әлеуеті тұрғысынан да, қаржылық қолжетімділік тұрғысынан да маңызды мәселеге айналды. Мақалада Қазақстандағы ШОК несиелерінің ағымдағы жағдайы, қаржыландыру үлгілері, нормативтік база және болашақ перспективалар сияқты негізгі мәселелер талданды. Зерттеу барысында салыстырмалы және динамикалық талдаудың жалпы ғылыми әдістері, Қазақстан экономикасына несиелік инвестицияларды кешенді бағалау және т.б. қолданылды. Зерттеудің ақпараттық базасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Статистика Бюросының және Ұлттық Банктің ресми статистикалық деректеріқұрайды. Бұл зерттеу Қазақстанның экономикалық өсімін қолдайтын осы маңызды секторды нығайтуға үлес қосуға бағытталған. Кілтті сөздер: шағын және орта кәсіпкерлік, кәсіпорын, дара кәсіпкерлік, несие, екінші деңгейлі банктер, экономика салалары.

Сведения · Details