Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2024, № 2.2024, с. 6-18
ҰШҚЫШСЫЗ ҰШАТЫН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА АРНАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ МОДЕЛІН ТАЛДАУ
Аннотация · Abstract
Мақалада қателіктерді зерттейтін әдістерді қолдану арқылы мүмкін болмайтын және ұзақ уақыт бойы тәжірибеден өткен тәжірибенің болмысына негізделген жөндеу жүйелерін сапалы түрде дамыту қарастырылған. Осы жұмыста маңызды жобалық шешімдерді қабылдауда жаңа проблемалық жағдайларды үлгілеу өткелдері өте қажет және үнемді болатынын қарастырған. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу процесін үлгілеу жүйенің мақсаты ретінде анықтаудан басталады. Мақсаттар жергілікті болуы үшін тек берілген жабдықтың жөндеу үрдісінің сапасын басқарудың бүкіл процесін қарастырған. Бұл мақсатқа жетудің ең өнімді тәсілі, жұмыстың бірінші бөлімінде өнімнің өмірлік циклі тұрғысынан көзқарасты талдауы қарастырылған. Алға қойылған мақсатты анықтағаннан кейін жүйенің тиімділік критерийлерін анықтау қажет болады. Үлгілеу өнімділіктің көрсетілген критерийлеріне сәйкес өнімге техникалық қызмет көрсету мен жөндеуін ұйымдастырады. Зерттелетін процестерді үлгілеудің ең қолайлы әдісі имитациялық үлгілеу болып табылады. Өнімнің мақсатын орындау барысында қамтамасыз етуден тұратын өнімді тиімді пайдалану оның барлық кезеңдерінде өнімнің өмірлік циклі процестерін басқару сапасымен анықталатыны зерттелген. Компьютерлік эксперимент нәтижелерінен ұшқышсыз ұшатын аппараттарға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ең ұтымды стратегиясы аймақтық мамандандырылған орталықты құруы қарастырылған. Кілтті сөздер: процесс, модель, ықтималдық, имитация, стандарт, белгісіздік.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/vvry9757
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0