Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 2,2025, с. 411-422
ЕКІ СЕКЦИЯЛЫ ХОППЕР ВАГОННЫҢ ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЫНДА ТІРЕК ҚҰРЫЛЫМНЫҢ БЕРІКТІГІН ТАЛДАУ
Аннотация · Abstract
Әр түрлі жүктерді бір уақытта тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін хоппер вагонының құрылымын жақсарту ұсынылады. Жақсарту тік қабырға мен көлденең байланыстырушы белдіктер арқылы өзара әрекеттесетін жеке бөлімдер есебінен шанақты екіге бөлуден тұрады. Екі секциялы хоппер вагонның құрылымдық беріктігін анықтау үшін, SolidWorks Simulation бағдарламасында соңғы элементтер әдісін қолдану арқылы есептелді. Зерттеу нәтижелері хоппер вагонның максималды жүктелуі бірінші құрылымдық режимде (соққы) болатынын көрсетті. Дегенмен, алынған кернеулер рұқсат етілген 30% -дан төмен болды. Вагон динамикасының көрсеткіштерін есептеу үшін модельдеу жүргізілді. Барлық алынған динамикалық көрсеткіштер рұқсат етілген шекті нәтижелерде болды. Хоппер вагонын халықаралық қатынастардағы теміржол паромдарында тасымалдау кезінде тізбекті бекіту үшін агрегаттарды пайдалану ұсынылады. Хоппер вагонының тірек құрылымының динамикалық жүктемесін зерттеу математикалық модельдеу арқылы жүргізілді. Хоппер вагонының тірек құрылымына беріктік талдау жүргізілді. Хоппер вагонының конструкциясындағы кернеулер нормативтік мәндерден аспайтыны анықталды. Зерттеу нәтижелері теміржол көлігінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, жұмыс нәтижелері заманауи вагон құрылымын жасауда, соның ішінде халықаралық қатынаста пайдалы болуы мүмкін екені сөзсіз. Кілтті сөздер: көлік механикасы; хоппер вагоны; екі секциялы вагон; заманауи вагон құрылымы; вагонды тиеу; теміржол көлігінің тиімділігі.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/vtws5358
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0