Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 1.2025, с. 348-361

ҚАЗАҚ ЭПОСЫ ЖӘНЕ ЖОШЫ ҰЛЫСЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМДАРЫ

С. И. Сәкен, А. А. Әбсадық, О. М. Жолдыбаев, А. Б. Саулембаева

Аннотация · Abstract

Қазақ және онымен қандас бірқатар түркі тектес халықтардың қаһармандық эпосы үлгілерінің тұрақты сюжеті болып табылатын оқиғалардың және тұрақты кейіпкерлері болып табылатын тарихи тұлғалар туралы сөз қозғау – өзекті мәселе. Ноғай Ордасы билері мен мырзаларының эпикалық бейнелеріндегі тарихи шындық пен суреткерлік көзқарастың арақатынасы ғылыми тұрғыдан қарастырыру эпостануда ертеден қолға алынған еді. Бұл жырларды бірнеше ғасыр бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келген елдердің ауызша тарихтамасы осы қайраткерлер туралы туындылардан бастау алатынының сырын ашуға талпыныс жасалады. «Ноғайлы дәуірі» деп аталатын XIV–XVII ғасырлар аралығындағы тарихи кезеңнің сан алуан оқиғаларының ішінен эпосты тудырған ортаның таңдап алып жырларына арқау қылған жағдайлардың тағлымдық мәні зор екені мақаладағы мәтіннамалық талдаулар мен деректемелелік шолулар арқылы ашып көрсетіледі. Кейіпкерлердің мінездемелерінен халықтың өз тарихына берген бағасы айқын аңғарылатынына оқырман назары аударылады. Бұл жырлардағы жағымды кейіпкерлер арқылы ата-бабаларымыз өздерінің «мінсіз билеуші» туралы асыл армандарын білдіргеніне айрықша көңіл бөлінеді. Ол ойымызды дәлелдеу үшін Едіге, Нұрадын, Мұса бейнелеріне талдау жасалады. Халық «алтын ғасырымыз» деп бағалаған Ноғайлы дәуірінің келмеске кетуіне апарып соқтырған себептер Ұлы Ноғай ордасында Мұса бидің ұлдары мен одан кейінгі ұрпақтарының тұсында орын алған үш бұлғақтың кезінде айрықша белсенділігімен дараланған тарихи тұлғалардың іс-әрекеттерінін бейнелену ерекшеліктерін пайымдау арқылы ашып көрсетіледі. Посткеңестік кеңістікті мекендеген түркі халықтарының барлығына қатысы бар Ноғайлы ұлысының біртіндеп ыдырауына себеп болған жайттарды бұл халықтардың барлығы өз трагедиямыз деп қабылдағаны Мұса мен Жаңбыршы ұрпақтарының арасындағы алаауыздық туралы туындылардан аңғарылатынына көңіл бөлінеді. Ысмайыл секілді халық жадында келеңсіз әрекеттерімен ғана есте қалған Ноғай ордасы мүшелерінің бейнелері ел тәуелсіздігіне қауіп төндіретін жайттарды сабақ ретінде бұқараның санасына сіңіру тұрғысынан маңызды екеніне тоқталамыз. Мамай, Орақ, Қарасай, Қази секілді тұлғалар эпостың жағымды кейіпкерлеріне айналуына олардың ұлыс ішіндегі қырқыстарға қатысудан аулақ болғаны себеп болғаны деректер келтіру арқылы дәлелденеді. Орманбет бидің өлген күні туралы естелік қыпшақ тілдес түркі халықтарының барлығының фольклорында сақталуы туралы да еңбек авторлары өзіндік ой қорытындыларын жасаған. Кілтті сөздер: фольклор, ұлыс, халық, эпос, сюжет, дерек, бұқара, тұлға.

Сведения · Details