Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2024, № 3.2024, с. 156-166
ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫ ЕМДЕУДЕ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР БЕРУ БОЙЫНША НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІ ҚҰРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация · Abstract
Бүгінгі таңда Семей өңіріндегі өзекті мәселелердің бірі Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдары болып табылады. Оның салдарының бірі-аймақтағы онкологиялық аурулардың жоғары пайызы. Халықтың әртүрлі жас санаттары ауруға бейім. Осыған байланысты онкологиялық ауруларды ерте анықтау және олардың алдын алу маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұл мақаланың негізгі идеясы Семей өңірінде онкологиялық ауруларды емдеу бойынша ұсыныстар беру және талдау үшін жасанды нейрондық желі негізінде зияткерлік жүйе модулін құру болып табылады. Ерекшелігі Семей өңірінде онкологиялық ауруларды емдеу бойынша өзін-өзі оқыту, талдау және ұсыныстар беру үшін Хопфилд әдісімен нейрондық желіні құру негізінде жасанды интеллект жүйесінің модулін әзірлеу болып табылады. Осы зерттеуге бағытталған мәселе-Семей өңірінде онкологиялық ауруларды емдеу бойынша талдау жасау және ұсынымдар беру үрдісінің дәлдігін қамтамасыз етуге және ұлгайтуға мүмкіндік беретін интеллектуалды жүйе модулін құру. Құрылатын нейрожелінің кірісіне қауіпті ісік ауруларды емдеу хаттамасы бойынша берілетін сауалдарға жауаптары бар мәліметтер беріледі. Модульді құру процесінде салынған желі тұрақты жұмыс істейтіні анықталды. Мұндай желі көмегімен алынған жауаптарды вектор түрінде беру және одан кейінгі зерттеулер үшін мәліметтер алуға болады. Кілтті сөздер: ақпараттық жүйелер, жасанды интеллект, нейрондық желі, математикалық модуль, талдау, интеллектуалды жүйелер, мәліметтер базасы.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/vrab9947
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0